Яснополян селолық округі

 

Әкім  – Галицкий Владислав Иосифович 1967 жылғы 10 қаңтарында Украина Новоград-Волынский қаласында туған.
Үйленген, 5 баласы бар: 2 ұл және  3 қызы.
1991 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын бітіріп, мал дәрігері лауазымындағы  мал дәрігері біліктілігін алды.
Еңбек жолын 1992 жылы Куйбышев атындағы колхоздың мал дәрігері болып бастаған. 1995 жылы жастармен жұмыс жөніндегі төраға орынбасары, 2000 жылдан бастап «Тайынша Астық» ЖШС – інің  қауіпсіздік техникасы бойынша инженері болып жұмыс істеді.
2013 жылғы 8 тамыздан – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян селолық округінің әкімінің міндетін атқарушы.
                     
                        байланыс телефондары  - 8 (71536 )73-3-94
электрондық мекенжай – jcnajpо Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
                                           Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
веб сайт селолық округ әкімі - www.yasnopolso.gov.kz

2016 жылғы 4 тоқсандағы Яснополян ауылдық округі әкімінің азаматтарды қабылдау кестесі

Орталық
атқарушы
органның
атауы

Азаматтарды қабыдауды жүргізген
адамның
Т.А.Ж.

Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның Т.А.Ж. лауазымы

Азаматтарды
қабылдау күні
мен уақыты

Мемлекеттік
органдардың
орналасқан жері

«Яснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Галицкий Владислав Исоифович

Яснополян селолық
округі әкімі

Дүйсенбі
10 -00  нан
    13-00- ке
дейін

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Ясная Поляна селосы

 

 

АУДАНДЫҚ МАҢЫЗДЫ ҚАЛА, КЕНТ, АУЫЛ (СЕЛО), АУЫЛДЫҚ (СЕЛОЛЫҚ) ОКРУГТЕР ӘКІМДЕРІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТІЗБЕСІ

 
Көргіз

 


     1

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке қоюды ұйымдастыру;

2

Тірек мектептердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету (ресурстық орталықтар);

3

Облыс әкімдігіне (республикалық маңызды қала, елорда) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде облыстың (республикалық маңызды қала, елорда) даму жоспарына енгізу үшін ұсыныстар енгізеді.

4

Ауданның жергілікті атқарушы органдарына (облыстық маңызды қала) жергілікті бюджет есебінен малдардың энзотикалық ауруларын алдын алу және диагностикалау жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

5

Ауылшаруашылық малдарды идентификациялау жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру және ауылшаруашылық малдарды идентификациялау бойынша мәліметтерін базасын жүргізу;

6

Ауылшаруашылық малдардың жеке нөмірлеріне қажеттікті белгілеу және ауданның жергілікті атқарушы органдарына, аудандық маңызды қалаға ақпаратты тапсыру;

7

 Ветеринария мәселелері жөнінде халық арасында ағарту жұмысын жүргізу;

8

Ветеринарлық есепті және есептілікті жүргізу және ауданның жергілікті атқарушы органдарына (облыстық маңызды қала) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұсыну;

9

 Сәйкес аумақта малдардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша карантин тәртібін немесе шектеу іс-шараларын енгізумен карантин зонасының ветеринарлық тіәртібін белгілеу туралы шешім қабылдау;

10

Сәйкес аумақта малдардың жұқпалы ауруларды жою жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар кешенін өткізген соң бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантин тәртібін алу туралы шешім қабылдау;

11

Ауданның жергілікті атқарушы органдарына (облыстық маңызды қала) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

12

Сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринарлық іс-шараларды жүргізу;

13

Ветеринария саласында қызметті іске асыратын ауданның жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекіту;

14

 Малға ветеринарлық паспортты беру;

15

 Ветеринарлық анықтама беру;

16

Малдардың аса қауіпті және энзотикалық ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету;

17

 Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринарлық құралдарды қызметтік бөлмелермен қамтамасыз ету;

18

Ауылшаруашылық малдарды идентификациялау бойынша мәліметтер базасынан көшірмелерді беру;

19

Биологиялық материалды тексеруге алу және ветеринарлық зертхана жеткізу;

20

Ауданның жергілікті атқарушы (әкімдіктер) органдарына (облыстық маңызды қала) ұсыныстар енгізу: агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды қалыптастыру; ауылшаруашылық малдардың ұстау және бағу ережелері бойынша;

21

Агроөнеркәсіп кешен субъектілеріне мемлекеттік агроазық-түлік саясатының және ауылдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттарын және механизмдерін түсіндіру бойынша жұмысты жүргізу;

22

Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген тәртіпте ауылшаруашылық малдарды идентификациялауға қатысу;

23

Малдарды жасанды тұқымдандыру бойынша мемлекеттік құралдардың, мал өнімін және шикізатты, малды көметіе орындарды, арнайы қоймаларды, пестицидтерді, улы химикаттарды және бос ыдысты дайындауға көмек көрсету;

24

Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аумақтар саласындағы жедел ақпаратты жинау және оны ауданның жергілікті атқарушы (әкімдіктер) органдарына (облыстық маңызды қала) ұсыну;

25

Ауылшаруашылық санақты жүргізуге қатысу;

26

Шағын несиелеу бағдарламаларына қатысу үшін кірісі төмен тұлғаларды айқындау;

27

 Елді мекен жерлерінде малды бағу орындарын белгілеу;

28

Жер Кодексінің 13 және 16 баптарымен қарастырылған жағдайлардан басқа жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру;

29

Жер Кодексінің 69 бабына сәйкес көпшілік сервитуттарды белгілеу;

30

Жер учаскелерін, соның ішінде мемлекеттік қажеттіктер үшін алу мәселесі жөнінде аудандық (қалалық) әкімдікке ұсыныстар енгізу;

31

Азаматтардың үндеулерін, өтініштерін, шағымдарын қарастырады, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

32

 Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдерді жинауға көмек көрсетеді;

33

Әкім аппараты әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды сәйкес мәслихатпен бекіту үшін жоғары тұрған әкімдікке ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді;

34

Әкім аппараты әкімгер болып табылатын стратениялық жоспарды және (немесе) бюджеттік бағдарламаны әзірлеуде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызды қала) бюджетінің құрамында қарастырылған бағыттар бойынша жергілікті маңыздағы мәселелерді қаржыландыру жөнінде ұсыныстарды жергілікті қоғамдастықтың жиналысында талқылауға шығаруға құқықты;

35

Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен заңды тұлғалардың орындауына жағдай жасау;

36

Өз құзыры шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

37

Аудандық маңызды қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сонымен қатар аудандық маңызды қалаларда, кенттерде, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және ұстауды қамтамасыз етеді;

38

Аудандық маңызды қалаларда, кенттерде, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және ұстауды қамтамасыз етеді;

39

 Шаруа және фермерлік қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жағдай жасау;

40

Өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру дайындығы және мобилизация мәселелері туралы заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

41

 Республики Казахстан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әділет органдары жоқ жерлерде нотариалдық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

42

 Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әділет органдары жоқ жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

43

Тарихи және мәдени мұраны сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады ;

44

 Аз қамтылған отбасыларды айқындайды, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты қарт және еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

45

Қылмыстық-атқару инспекциясында есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

46

Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасау;

47

Қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастырады;

48

Жедел медициналық жәрдем көрсету қажет болған жағдайда, дәрігерлік жәрдем көрсететін денсаулық сақтаудың жақын ұйымына науқастарды жеткізуді ұйымдастырады;

49

Жергілікті басқару органдарымен қарым-қатынас жасайды;

50

Шаруашылық ішілік есеп жүргізеді;

51

Жергілікті бюджетті бекітуде (нақтылауда) қала, аудан (облыстық маңызды қала) мәслихатының сессия жұмысына қатысады;

52

Республикалық маңызды қалада, елордада, облыстық маңызды қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерінен басқа мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

53

Республикалық маңызды қалада, елордада, облыстық маңызды қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерінен басқа мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

54

Өз құзыры шегінде елді мекендерді сумен қамту және су пайдалану мәселелерін реттеуді ұйымдастырады;

55

Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

56

Туысы жоқтарды жерлеу және зираттарды және өзге жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.

57

 Кәсіптік емес медиаторлардың тізбесін жүргізеді.

58

Аудандық орталықпен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;

59

Мектепке дейін және ауылдық округке кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;

60

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мектеп дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

61

Мүгедектерге көмек көрсетеді;

62

Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

63

Дене шынықтыру және спорттың уәкілетті органымен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірге мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

64

Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірге мәдени көпшілік және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

65

Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

66

 Халықтың әлжуаз жіктеріне қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

67

Денсаулық сақтаудың ауылдық ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуге жағдай жасайды;

 

35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала,
кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы
 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
 және өзін-өзі басқару туралы»

      1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
      2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
      3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
      4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
      5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
      8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
      9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
      11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
      12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
      12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
      12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
      12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
      12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
      13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
      14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
      14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
      15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
      17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
      18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
      19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
      20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
      22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
      1-1. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
      1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жүзеге асырады.
      1-3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      1) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
      2) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
      3) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
      4) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
      5) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
      6) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
      7) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
      8) кіріс көздерін қалыптастырады;
      9) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
      10) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
      11) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
      12) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді.
      2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
      3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгізіледі), 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Погода от Метеоновы по г. Тайынша

Scarpe Tods primavera estate 2017: Foto Collezione Streethogan outlet anche per lestate e molta attenzione alla cura deipeuterey outlet online dettagli pi minimali, senza altri fronzoli. Lopeuterey outlet online spirito Tods per la linea scarpe donna peuterey outlet online primavera estate 2017 ha un mood adatto peuterey outlet online Sandali bassi, mocassini e tacchi comodipeuterey outlet online con un fil rouge preciso: la tomaia woolrich outlet online incrociata sul collo del piede. Massima woolrich outlet online comodit, piede abbracciato dal pellame woolrich outlet online di alta qualit e colori che spaziano woolrich outlet online dal cuoio al verde acido, senza hogan outlet online dimenticare nero e bianco. hogan outlet online Il marchio di Della Valle ci sorprende.SCARPE TODS DONNA PRIMAVERA ESTATE 2017 Per la mezza stagione primaverile,hogan outlet online ecco le loafers Tods! Comode scarpe flathogan outlet online dallallure bon ton ma sempre urban style,hogan outlet online con quegli accenni jungle legati canada goose pas cher Le scarpe del catalogo Tods 2017 varianocanada goose pas cher dai modelli total white in pelle verniciata,canada goose pas cher al pi discreto nude in suede, senzadoudoune moncler pas cher dimenticare i tocchi fashion del blu doudoune moncler pas cher zaffiro e del silver. Tods propone anche ledoudoune moncler pas cher sneakers stringate, ancora un richiamo aldoudoune moncler pas cher Presentata in occasione della Paris Fashiondoudoune moncler pas cher Week, la nuova collezione Christian Diordoudoune moncler pas cher primavera estate 2017 ci incanta con linee woolrich sito ufficiale pulite e rigorose che plasmano un guardarobawoolrich sito ufficiale ai limiti della femminilit con lobiettivo woolrich sito ufficiale di dimostrare che anche un capo storicamente woolrich sito ufficiale maschile pu plasmare a valorizzare alla perfezione una silhouette delicata. Una collezione moda donna diverse dalle altre. woolrich sito ufficiale Una linea contemporanea che non tradisce la filosofia della maison. Dior sulle passerelle ci mostra una femminilit estremante eterogenea che guarda al futurowoolrich sito ufficiale Presentata nella capitale italiana della moda in occasione di Milano Fashion Week, la collezione primavera estate 2017 di Max Mara ispirata a Lina Bo Bardi, architetto e designer di fama internazionale.